Әрқашан қозғалыста болу, әлемді және жаңа эмоцияларды ашу, әрбір өткен шақырымнан ләззат алу – BMW K 1600 GT жүргізген кезде, әлем осылай көрінеді. Оның 6 цилиндрлі кіріктірілген қозғалтқышы қуат пен тегіс жұмыс істеудің жаңа стандартын белгілейді. Бұған ұзақ сапарлардағы жайлылықты, жел мен ауа райынан тамаша қорғанысты және инновациялық технологияны қосыңыз – сол кезде сіз дәл қазір жолға шыққыңыз келеді. Жаңа K 1600 GT бірге сіз көптеген жаңа орындарды көріп қана қоймай, айналаңыздағыларды да таңғалдырасыз. Сіз бір орында тұрсаңыз да, қозғалыста болсаңыз да, өшпес әсер қалдырасыз.

Үлгі артықшылықтары

Динамикалық дизайн.

Динамика мен жайлылық – бұл K1600GT сипаттамалары тіпті дизайннан да байқалады: алдыңғы аспа, бейімделетін таяу жарық бөлімі бар ксенон фарасы, қуатты 6 цилиндрлі қозғалтқыш және қатты жақтау өздерінің сипатын білдіріп тұрғандай.

Алты цилиндрлі қатарлы қозғалтқыш.

Аңызға айналған алты цилиндрлі қозғалтқыш. Ондағы әрбір сапар – оқиға. Тамаша бірқалыпты жүрісі мен керемет қуаттың арқасында ол әсерлі динамиканы қамтамасыз етеді.

Стандартты жабдықтардың кең спектрі.

K 1600 GT моделіндегі ең жоғары деңгейлі жабдық барлық қажет нәрсеге ие: динамикалық бұрылыстарда да қауіпсіз тежеуді қамтамасыз ететін жүйе, инновациялық ксенон фарасы және мультиконтроллер – бұл тізімнің бір бөлігі ғана.

Артқа жүру көмекшісі.

Артқа жүру көмекшісі бар кезде тік беткейлер мен тұрақтағы тар кеңістік қиындық тудырмайды. Тұраққа қою және маневр жасау кезінде сіз амалсыздан күлімсірейсіз. Мотоциклді бейтарап беріліске қою арқылы артқа жүру көмекшісін іске қосыңыз.

Сипаттамалары. Бағалар тізімі.

Отын багының пайдалы көлемі 26,5 л
Жүктемесіз салмағы, отын толтырып құйылған 334 кг
Ең жоғары жүктеме (стандарт жинақтамада) 206 кг
WMTC стандарты бойынша 100 км-ға отын шығыны 5,7 л
Ең жоғары қуат 160 а.к. (118 кВт) 7 750 айн./мин

По-настоящему узнать характер автомобиля, прочувствовать его стиль, динамику и получить истинное удовольствие от вождения можно только во время поездки. Именно поэтому в дилерских центрах BMW и MINI в Казахстане доступен тест-драйв целого ряда моделей. Для того чтобы узнать об имеющихся на тест-драйве автомобилях просим обращаться в официальный дилерский центр BMW и MINI в вашем городе.