BMW K 1600 GTL.

БІРІНШІ КЛАСПЕН САЯХАТТАУ.

Сұраныс қалдыру
BMW K 1600 GTL.

Алға ұмтылыңыз. Тек алға ғана Осы сәнді және жылдам туристік мотоциклмен жеңіл және жарасымды жолмен көкжиекке қарай барыңыз. Жаңа BMW K 1600 GTL – бұл сапаның шыңы және аты аңызға айналған алты цилиндрлі қозғалтқышы бар керемет жайлылық. Жаңартылған модель Dynamic ESA және ABS Pro жүйелерінің соңғы буынымен жабдықталған. Кез келген жолда және кез келген ауа райында өзіңізді жайлы сезініңіз. Барлық қызықты оқиғаларыңызда тамаша бақылау мен оңай жүргізуден ләззат алыңыз. K1600GTL мотоциклімен саяхаттау сізді – стильді, күшті және сәнді – жаңа өлшемге әкеледі. Сізді керемет әсер күтіп тұр!

Үлгі артықшылықтары

Өз стиліңізді таңдаңыз.

Түрлі түсті нұсқалармен және эксклюзивті Elegance стилімен сіз өзіңіздің қалауыңызға сәйкес келетін K 1600 GTL моделін жасай аласыз. Сіз үшін таңдауға болатын 4 түс бар: Pollux metallic, Light white, Blue planet metallic, Sparkling storm metallic

Алты цилиндрлі қатарлы қозғалтқыш.

Оның 160 а.к. қуаты және 175 Н•м максималды айналдыру моменті әрқашан және барлық жерде қолжетімді: қозғалтқыш айналдыру моментінің 70 %-ын небәрі 1500 айн./мин кезінде көрсетеді. Бұл газ тұтқасын сәл бұру K 1600 GTL моделіне бәрін шаң қаптырып кетуіне мүмкіндік беретінін білдіреді.

Жайлылықтың жаңа өлшемі.

Жаңартылған K 1600 GTL моделі Dynamic ESA белсенді шассиімен базалық жинақтамасында жабдықталып қояды. Аспа лезде жолдың профилін анықтап, ең жақсы жайлылық пен басқару мүмкіндігіне қол жеткізу үшін өз сипаттамаларын бейімдейді.

Артқа жүру көмекшісі.

Артқа жүру көмекшісі бар кезде тік беткейлер мен тұрақтағы тар кеңістік қиындық тудырмайды. Тұраққа қою және маневр жасау кезінде сіз амалсыздан күлімсірейсіз. Мотоциклді бейтарап беріліске қою арқылы артқа жүру көмекшісін іске қосыңыз.

Мотоциклге мініп, рақаттаныңыз.

K 1600 GTL бұрын-соңды болмаған жайлылықты ұсынады. Мұқият ойластырылған және ыңғайлы жүк сақтау шешімдері K 1600 GTL моделін саяхат үшін ымырасыз таңдауға айналдырады.

Сипаттамалары. Бағалар тізімі.

Отын багының пайдалы көлемі 26,5 л
Жабдықталған күйіндегі салмақ (отын толтырып құйылған) 350 кг
Ең жоғары жүктеме (стандарт жинақтамада) 210 кг
WMTC стандарты бойынша 100 км-ға отын шығыны 5,7 л
Ең жоғары қуат 160 а.к. (118 кВт) 7 750 айн./мин

По-настоящему узнать характер автомобиля, прочувствовать его стиль, динамику и получить истинное удовольствие от вождения можно только во время поездки. Именно поэтому в дилерских центрах BMW и MINI в Казахстане доступен тест-драйв целого ряда моделей. Для того чтобы узнать об имеющихся на тест-драйве автомобилях просим обращаться в официальный дилерский центр BMW и MINI в вашем городе.