Жаңа BMW автокөлігіңізге 2 жылға кепілдік және 3 жыл тегін техникалық қызмет көрсету.

img

Ресми дилер «Бавария автоорталығынан» жаңа BMW автокөлігін сатып ала отырып, сіз 2 жыл кепілдік және тегін 2 жыл техникалық қызмет көрсету қызметін аласыз. Бұл сіздің автокөлігіңізге уақытылы сервистік қызмет көрсететінімізге сенімділік береді. 

2 жыл зауыттық кепілдік:
Егер сіз жаңа BMW автокөлігін сатып алсаңыз, оған кепілдік қолданылады, кепілдік бойынша сіз BMW ресми дилерінен өз автокөлігіңізге қызмет ала аласыз. Қолданылу мерзімі — автокөлікті сатып алған күннен бастап 2 жыл немесе автокөлік 200 000 км жол жүргенге дейін.

3 жыл техникалық қызмет көрсету:
Сондай-ақ Қазақстандағы BMW ресми дилерінен автокөлік сатып алған кезде сіз BMW Service Inclusive техникалық қызмет көрсету топтамасын аласыз. Қолданылу мерзімі – автокөлікті сатып алған күннен бастап 3 жыл немесе автокөлік 40 000 км жол жүргенге дейін.

Техникалық қызмет көрсетуге не кіреді:

  • Мотор майы
  • Май сүзгісі
  • Автокөлікті диагностикалау
  • Ауа сүзгісі
  • Отын сүзгісі
  • Микросүзгі
  • Оталдыру білтелері
  • Тежегіш сұйықтығы

Әрбір нақты жағдайдағы қажетті техникалық қызмет көрсету көлемін дилер клиенттің техникалық қызмет көрсетудің басында берген кілттен оқыған деректердің негізінде өз бетінше айқындайды.

Бағдарлама 2020 жылдың қаңтарынан бастап BMW дилерінен сатып алынған, жинақтамасында 07US опциясы бар автокөліктер үшін қолданылады.

Қашан және қандай техникалық қызмет көрсетуден өту керектігін қалай біледі?

Заманауи BMW автокөліктеріне «Күйіне қарай техникалық қызмет көрсету» жүйесі орнатылған. Автокөлікті пайдалану ерекшеліктеріне байланысты борттық компьютер қажетті жұмыстарды орындауға дейін қалған шақырымды/уақытты өзі есептейді және 2 000 км қалғанда немесе техникалық қызмет көрсету мерзімі басталардан бір ай бұрын сізге хабарлайды. Жүрген жол немесе келесі техникалық қызмет көрсетуге дейінгі уақыт туралы толық ақпаратты iDrive контроллері арқылы басқару дисплейіне шығаруға болады: «Менің автокөлігім» - «Автокөліктің күйі» - «Кезекті ТҚК».

Сатып алушы дайындаушы зауыттың регламентіне сай аспаптар тақтасында кезекті техникалық қызмет көрсету мерзімінің басталғанын білдіретін сары немесе қызыл индикатор пайда болған кезде Бағдарламаның аясында техникалық қызмет көрсету үшін хабарласуға құқылы.

BMW Service Inclusive қызметтерін қайдан және қашан пайдалана аламын?

Бағдарламада көзделген қызметтерді алу үшін Сатып алушы Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген BMW ресми дилеріне өз таңдауы бойынша хабарласуға құқылы. Сондай-ақ басқа елдердегі BMW ресми дилерлеріне бағдарлама бойынша техникалық қызмет көрсету үшін хабарласуға болады. Өзіңізді қызықтырған BMW дилерінің бағдарлама бойынша техникалық қызмет көрсете алу мүмкіндігін алдын ала нақтылаған жөн.

Бағдарламаның артықшылықтары:

img

ШЫҒЫНДАРДЫ ҮНЕМДЕУ.

BMW Service Inclusive көмегімен регламенттік техникалық қызмет көрсету үшін қосымша ақы төлеудің қажеті жоқ. Сіз болашақта қызмет көрсету бағасын көтеруден сақтандырылғансыз.

img

САПАҒА ДЕГЕН СЕНІМДІЛІК.

Қызмет көрсетуді тек түпнұсқа BMW қосалқы бөлшектері мен мотор майларын қолдана отырып,BMW ресми дилерлерінің сертификатталған мамандары жүзеге асырады.

img

СЕНІМДІЛІК.

BMW ресми дилерлерінде уақытылы және тұрақты техникалық қызмет көрсетілетіндіктен, сіздің автокөлігіңіздің жағдайы жақсы күйде қалады.

img

БЕРУ МҮМКІНДІГІ.

BMW Service Inclusive автоматты түрде келесі көлік иесіне өтеді, бұл автокөліктің жоғары қалдық құнын сақтауға кепілдік береді.

 

Қазақстан Республикасының аумағындағы BMW ресми дилерлерінен жаңа автокөлік сатып ала отырып, BMW-мен бірге өзіңіздің болашағыңыз бейқам әрі жеңіл болатынына сенімді болыңыз.

АРНАЙЫ ҰСЫНЫС

Trade-in бағдарламасымен сатып алсаңыз, жаңа BMW құнынан 1 500 000 тг дейін пайда көресіз

Біз сіздің автокөлігіңізді сатып алуға дайынбыз.

Автокөлікті сату немесе ауыстыру туралы ойлап жүрсіз бе? Оны ресми BMW дилеріне сатыңыз. Біз сіздің автокөлігіңізді брендіне қарамастан сатып алуға дайынбыз.