Модельдің ерекшеліктері
Экстерьер
Интерьер
Динамика
Инновациялар
BMW «люкс» санатындағы автокөліктердің спорттық сипаты мен эксклюзивтілігінің үйлесімі

BMW «люкс» санатындағы автокөліктердің спорттық сипаты мен эксклюзивтілігінің үйлесімі

Coupe сериялы BMW 8 дизайн тарихында мүлде жаңа дәуірді бейнелейді және жіңішкерген фаралар арқылы да бір көргеннен танымал түрге ие болды. Спорттық түрді шанақтың бүкіл бүйір бөлігінен өтетін айқын сызылған сызықтар және бүгілген беткі қабаттарын көрсететін шымыр денелі иін бедерінің ерекше үйлесімімен жасалады. Төбенің біркелкі сызығымен үйлесе отырып, олар жаңа дизайн стандарттарын белгілейтін ұшталған пішіндермен купе сұлбасын жасайды.

Лазерлік фаралар

Лазерлік фаралар

Шалғай жарық режимінде лазерлік фаралар 600 метрге дейінгі қашықтыққа жолға жарық түсіреді, бұл кәдімгі фараларға қарағанда екі есе алшақ. Түнде көру мүмкіндігі неғұрлым жақсы болса, қозғалыс соғұрлым қауіпсіз болмақ. Лазерлік фараларда визуалды түрде ажыратуға болатын көк екпіндер және «BMW Laserlight» жазуы бар.

Интерьер

Интерьер

«Люкс» санатындағы спорттық автокөлік — Coupe сериясындағы жаңа BMW 8-дің заманауи әрі жарасымды интерьері кереғарлықтың бір-бірін тамаша толықтыра алатындығын дәлелдейді. Жоғары сапалы материалдар, инновациялық технологиялар және көптеген түстер мен жарықтандыру түрлері автокөліктің айқын спорттық сипатымен қарама-қайшы келмейтін сәнді атмосфера мен ең үздік сыртқы түрін жасауға көмектеседі. Сымбатты басқару құралдары және ықшам дизайн сызықтары бір бағытқа – тек қана алға бағытталған. Бұл жүргізушіге барынша бағытталған?

Merino былғарысы

Merino былғарысы

Әркімнің талғамына сай келетін нәрсе. BMW Individual жоғары сапалы Merino былғары әрлемесі интерьерді асыл етіп, бірегей стиль береді. Сіз қара және коньяк түсінен бастап піл сүйегі түсіне дейінгі бірнеше айрықша түстерді таңдай аласыз, ал әрлеменің жаңа екі түсті нұсқалары қызықты кереғар шешімдер жасайды — шабандоз да, джентльмен де өздеріне сай келетін нәрсені таба алады.

Crafter Clarity әйнек әрлемесі

Crafter Clarity әйнек әрлемесі

Әрбір бөліктегі тартымдылық: CraftedClarity-дің көгілдір түсті әдемі әйнек әрлемесі бар интерьер бөлшектерінің айқын контурлары автокөліктің спорттық салонына қосымша талғампаздық береді. Ол беріліс қорабы тұтқасын, орталық консольдегі контроллерді, аудиожүйені басқару түймесін және Start/Stop түймесін безендіреді. Осылайша, атлетика мен әсемдіктің, спорттық стильдің және айрықша дизайнның бұрынғыдан да органикалық үйлесімі жасалады.

Абсолютті қуат. Мінсіз дәлдік

Абсолютті қуат. Мінсіз дәлдік

Таза қарқын, таза үдеу, таза эмоциялар — жұмыс көлемі 4,4 литр және 530 а.к. қуатын беретін 8 цилиндрлі TwinPower Turbo бензин қозғалтқышының арқасында 8-ші сериялы BMW Coupe санаулы уақыт ішінде автокөліктің тахометрін де, жүргізушінің тамыр соғуын да барынша арттыруға қабілетті. Ал ең бастысы: бұрылыстар неғұрлым күрделі болса, автокөлікті басқару соғұрлым қызықты болады. Осы сәнді спорттық купеде жүзеге асырылған айрықша жарыс шешімдері оның қуаты мен дәлдігін келесі деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар 32

8 цилиндрлі Twinpower turbo бензин қозғалтқышы

8 цилиндрлі Twinpower turbo бензин қозғалтқышы

Салондағы төтенше қуат пен тыныштық: Жұмыс көлемі 4,4 литр және 530 а.к. қуатын беретін 8 цилиндрлі BMW TwinPower Turbo бензин қозғалтқышы 8-сериялы BMW Coupe қарқыны мен тиімділігін ең жоғары деңгейге жеткізді. 750 Н·м айналдыру моментінің арқасында ол әр сапар кезінде барынша көп ләззат сыйлайды. Турбиналардың геометриясы өзгеретін екі турбоүдеткіш және 350 барға дейін жететін бүрку қысымы, күштік агрегаттың тиімділігін арттыра отырып, қуатты одан әрі оңтайландырады, ал белсенді жапқыштары бар ауа шығару жүйесіні?

Ерекше қарқын

Ерекше қарқын

8-ші сериялы BMW Coupe қарқын мен спорттық мәнерде жүргізу үшін жасалған. M Sport дифференциалымен біріктірілген артқы оське басымдық берілген BMW xDrive интеллектуалды толық жетек жүйесі және стандартты жинақтамаға кіретін, алдыңғы және артқы осьтерге арналған әртүрлі енді шиналар оңтайлы тарту күші мен қозғалыс тұрақтылығына кепілдік береді. Бұған қоса, клиренс, шанақтың барлық элементінің қаттылығы және бейімделетін M аспасы — нағыз спорттық автокөлік үшін мінсіз шешімдер. Опция ретінде ұсынылған көлденең тұрақтылықтың электр

Революциялық инновациялар

Революциялық инновациялар

Әрқашан бір қадам алда: қауіпсіздік жүйелері немесе жүргізушіге көмек көрсету жүйелері – жаңа 8-ші сериялы BMW Coupe инновациялық технологияларымен сіз әрқашан заманға сай көрінетін боласыз. BMW 7.0 инновациялық операциялық жүйесінің арқасында навигация және байланыс функцияларын пайдалану бұрынғыдан гөрі әлдеқайда қарапайым болды, оларды дербестендіру мүмкіндіктері кеңейе түсті.

BMW LIVE COCKPIT PROFESSIONAL

BMW LIVE COCKPIT PROFESSIONAL

Навигация функциясы бар BMW Live Cockpit Professional құрамына желіге қосылған 10,25" ақпараттық сенсорлы дисплей және 12,3” толығымен цифрлық аспаптар тақтасы кіреді.

Ақпараттық ойын-сауық жүйесі

Ақпараттық ойын-сауық жүйесі

Әрине, жаңа 8-ші сериялы BMW Coupe нұсқасы BMW ConnectedDrive дамуының жаңа дәуіріне жол ашады. Инновация BMW Live Cockpit Professional деп аталды: бұл диагоналі 10,25" құрайтын ажыратымдылығы жоғары сенсорлы дисплейді және диагоналі 12,3” құрайтын толығымен цифрлық дисплейді қамтитын жоғары сапалы дисплейлер желісі. BMW 7.0 операциялық жүйесінің инновациялық тұжырымдамасы қимылдар, дауыстық және сенсорлық басқару элементтері арқылы интуитивті басқаруды қамтамасыз етіп, екі дисплейдің баптауларын дербестендірудің көптеген мүмкіндіктерін ұсынады.

Сипаттамалары мен бағалары

Сұраныс қалдыру

BMW 8 серия Coupe

img