Модельдің ерекшеліктері
Экстерьер
Интерьер
Динамика
Инновациялар
Алдыңғы бөлігінің дизайны

Алдыңғы бөлігінің дизайны

Жіңішке фаралар мен дизайнындағы қара элементтер алдыңғы бөлігіне ширақтық көрінісін береді. Екі қабатты ламельдер радиатор торының барынша ашықтық көрінісін қалыптастыра отырып, оның артына жасырылған қозғалтқыштың қуаттылығын айқындайды.

Бүйір жақ көрінісі

Бүйір жақ көрінісі

Қара түсті М ауа өткізгіштері, "Жылтыр қара" түсті арт жақты көруге арналған сыртқы айналардың қақпақтары және де қара түсті "Х6 М" логотипі сияқты дизайн элементтері автомобиль профилінің ерекше спорттық даралығын білдіріп тұрады.

Артқы бөлігінің дизайны

Артқы бөлігінің дизайны

Артқы бампердің шеттерінде орналастырылған иілгіш иық сызығы мен вертикаль шағылдырғыш автомобильдің жалпақтығын айқындай түседі. Көзге бірден түсетін логотип сияқты М моделінің классикалық элементтері әрдайым өзіне назар аудартады.

М үшін тән жарық жолағы

М үшін тән жарық жолағы

Алдыңғы жолаушы жағында орналасқан "М" логотипі бар жарық жолағы әрқашан өзіне назар аудартады. Ол фондық жарықтандырғышпен жабдықталған және қараңғы кезде автомобильдегі ширақтық және жоғары технологиялылық атмосферасын айқындап тұрады.

М моделіне тән ақпараты бар  BMW Curved Display иілген дисплейі

М моделіне тән ақпараты бар BMW Curved Display иілген дисплейі

BMW Curved Display иілген дисплейі салонға заманауи керемет көрініс беріп тұрады. М моделіне тән индикация ең күрделі қозғалыс жағдайында да барлық ақпаратты тез және сенімді оқуға мүмкіндік береді.

Жүргізуші мен алдыңғы жолаушыға арналған М мультифункционалдық орындықтар

Жүргізуші мен алдыңғы жолаушыға арналған М мультифункционалдық орындықтар

Жүргізуші мен алдыңғы жолаушыға арналған М мультифункционалдық орындықтар электр реттеудің әртүрлі мүмкіндіктерін және керемет бүйір жақ тіреуін ұсынады.

Қуаты 625 а.к. болатын өндіргіштігі жоғары 8-цилиндрлі V-тәріздес M TwinPower Turbo қозғалтқышы

Қуаты 625 а.к. болатын өндіргіштігі жоғары 8-цилиндрлі V-тәріздес M TwinPower Turbo қозғалтқышы

8-цилиндрлі V-тәріздес M TwinPower Turbo бензинді қозғалтқыш жоғары өндіргіштігімен ерекшеленеді және қуаттылық пен спорттық дыбыстың сенімді жиынтығымен таң қалдырады.

Drivelogic функциясы бар 8-сатылы  M Steptronic спорттық АБАҚ

Drivelogic функциясы бар 8-сатылы M Steptronic спорттық АБАҚ

Drivelogic функциясы бар 8-сатылы M Steptronic спорттық АБАҚ көптеген қайта қосу алгоритмдерімен ерекшеленеді: қол сонымен бірге автоматты режимде де максималды ширақтықтан жайлылыққа дейін.

М белсенді дифференциалы бар BMW M xDrive

М белсенді дифференциалы бар BMW M xDrive

М белсенді дифференциалы бар M xDrive толық жетек жүйесі жол бетімен максималды ілінісуді және күнделікті қолдануда болса да, жарыс тректерінде де жоғары ширақтықты кепілдендіреді.

BMW Live Cockpit Professional

BMW Live Cockpit Professional

Ең маңыздының барлығы көз алдыңызда: BMW Live Cockpit Professional иілген дисплейде де, сондай-ақ проекциялы дисплейде де қозғалыс туралы ақпаратты тікелей Сіздің көру аумағыңызда көрсетеді.

M ерекше индикациясы бар проекциялы дисплей

M ерекше индикациясы бар проекциялы дисплей

BMW проекциялық дисплейі қозғалыс кезіндегі маңызды ақпаратты - мысалы, жылдамдық немесе навигациялық жүйе көрсеткіштерін - тікелей Сіздің көру аумағыңызда көрсетеді.

M ерекше аспаптар панелі

M ерекше аспаптар панелі

M ерекше аспаптар панелі SPORT және TRACK режимдерінде қозғалыс мәліметтерінің тек дәл және айқын көрсетілуін қамтамасыз етеді.

Professional жүргізу ассистенті

Professional жүргізу ассистенті

Professional жүргізу ассистенті өзінің қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз ететін көптеген көмек жүйелері арқылы ең қажет болған кезде қолдау көрсетеді.

Professional қаңтару ассистенті

Professional қаңтару ассистенті

Professional қаңтару ассистенті сіздің BMW-ңызды өздігінен қаңтара алады, және Сіз рульге отырмасаңыз да болады.Сізге тек бір рет маневрді жүйе жадында сақтап қою керек.

Сипаттамалары мен бағалары

Сұраныс қалдыру

BMW X6 M

img