Жаңа BMW i4 компанияның соңғы технологиялық әзірлемелерін, аңызға айналған BMW басқару мүмкіндігін және қоршаған ортаға қамқорлық жасай отырып, жоғары сапалы әрлеу материалдарын қамтиды.
ІЛГЕРІНДІ ДИЗАЙН
BMW I4 экстерьер дизайны – бұл компанияның барлық моделіне тән автокөліктің спорттық сипаты көрінетін әдемі шанақ сызықтары. Қысқа етектер мен ұзын дөңгелек базасы аласа мүсінін жасайды. Жақтаусыз есіктер мен жіңішке төбе тіреулері шолу мүмкіндігін жақсартуымен қатар көлік жүргізу сезімін де арттырады. Сонымен қатар автокөлікті аэродинамикалық ойластырылған диск суреттері бар 20 диаметрлі дөңгелектер безендіріп тұр.
МИНИМАЛИСТІК ИНТЕРЬЕР
Минимализмге бейім интерьер дизайны модельдің BMW i отбасына жататындығын көрсететін көк түсті екпіндері бар интерьер бөлшектерімен толықтырылған, жүргізушіге бағытталған басқару құралдары мен премиалды әрлеу материалдарын біріктіреді. Жүргізушіге бағытталған 14,9 дюймдік орталық дисплейі бар иілген BMW Curved Display салонның эргономикасын көрсетеді. Дисплей физикалық басқару элементтерінің санын мейлінше қысқарту автокөліктің барлық дерлік функциясына әсер етуге мүмкіндік береді, бұл модельдің минималистік интерьер дизайнына әдеттегіден ерекше назар аудартады. Әйгілі композитор Ханс Циммердің қатысуымен жасалған бірегей дыбыспен сүйемелдеуді қамтамасыз ететін BMW IconicSounds Electric жайлылықты толықтырады.
КҮШТІК ҚОНДЫРҒЫ ЖӘНЕ ҚУАТТАУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Күштік қондырғының жеңіл әрі тиімді конструкциясы үлкен және ауыр батареяларды қажет етпестен, әсерлі динамика мен едәуір жүріс қорын қамтамасыз етеді. Жап-жаңа BMW i4 аккумуляторы төрт 72 ұяшықты модульден және үш 12 ұяшықты модульден тұрады. Батареяның жалпы сыйымдылығы – 83,9 кВт⋅сағ. Батарея ұяшықтары автокөліктің еденінде орналасқан және ауырлық ортасының өте төмен болуына байланысты басқару мүмкіндігі жоғары деңгейде қалады. Combined Charging Unit жылдам қуаттау технологиялары көмегімен 10 минут ішінде 160 км жүріс қорына дейін қуаттауға мүмкіндік береді, автокөліктің жалпы жүріс қоры қомақты 590 км құрайды, бұл өз санатындағы жеткілікті жоғары көрсеткіш. BMW i4 автокөлігін үйдегі розеткадан да, Wallbox қуаттау құрылғысын пайдалану арқылы да қуаттауға болады
ЭКОЛОГИЯҒА КҮТІМ ЖАСАЙ ОТЫРЫП
BMW i4 өндірісі Мюнхенде BMW Group зауытында шоғырланған. Электрмобильдерге арналған аккумуляторларды шығару кезінде тек экологиялық таза энергия пайдаланылатынын атап өткен жөн. Сонымен қатар электрмобильдің ресурстар өндіруден бастап кәдеге жарату мен қайта өңдеуге дейінгі бүкіл өмірлік циклі СО2 шығарындыларын жаппай азайтуға бағытталған. Қозғалтқыштардың ерекше конструкциясы жерде сирек кездесетін материалдарды пайдаланбауға мүмкіндік береді, ал батареяларға арналған кобальт пен литий қоршаған ортаға барынша тұрақты және зиянсыз түрде өндіріледі. Нәтижесінде аккумулятор конструкциясындағы материалдарды 90 %-ға дейін кәдеге жаратуға болады