Стиль – оның шынайы бейнесі. Жаңа 4-ші сериялы BMW Gran Coupe шанағын қарсы алыңыз.

img

4-ші сериялы BMW Gran Coupe – 4-ші серияның дизайн философиясының жалғасы, оған радиатордың жаңа торы, алдыңғы бампердегі тік ауаөткізгіш және қысқартылған шамдар өткен. Бас оптика әдеттегі бойынша диодтық болып келеді, шалғай жарықты басқару жүйесі бар лазерлік фаралар опция түрінде қолжетімді.

Ең көзге түсетін айырмашылық, әрине, бұл есіктердің саны, есіктердің өзінде F36 шанақты Gran Coupe 4-ші сериялы модель сияқты терезенің жиектері жоқ. Терезе сызығы артқы есіктер жағында әлдеқайда көлденең болып келеді. Төбенің пішіні аздап өзгерген, ол шанақтың артқы бөлігінде артқы орындықтар жағында адамның басына көбірек орын болуы үшін шамалы биіктеу болып келеді. Сәйкесінше, артқы терезе кішкене артқа жылжып, шанаққа фастбэк пішінін берген.

Алдыңғы буын модельдерінен айырмашылығы – ыстықтай басу арқылы жасалған, алюминий қорытпалары мен көп фазалы болаттан жасалған панельдер қолданылған қаттырақ, бірақ жеңілірек шанақ. Сонымен қатар инженерлер алдыңғы бампердегі ауақалқалағыштардың және теп-тегіс түбінің арқасында осьтер бойынша тамаша салмаққа қол жеткізіп, аэродинамиканы жақсарта алды: кедергі коэффициенті 0,2-ден – 0,26 дейін азайтылды.

Gran Coupe сериялы жаңа BMW 4 алдыңғы буын моделінің жетістігін бекітіп, оны жетілдіру үшін жаралған. BMW дизайнының жаңа бағытымен, таңғаларлық динамикасымен, аса қымбат материалдармен әрленген талғампаз интерьерімен және цифрлық инновацияларымен автокөлік таңдай қақтырады.

4-ші сериялы BMW Gran Coupe Мюнхеньдегі зауыт конвейеріне тұрып, 3-ші сериялы седанға және i4 электркарына серік болады.

Еркіндік пен стильде шекара жоқ.

Шынайы автоспорт жанкүйерлері үшін BMW Motorsport x Puma ынтымақтастығында BMW Lifestyle киімдері мен аксессуарларының жаңа топтамасы бар.

Жаңа BMW i4

Тиімділікпен үйлесетін автокөліктің технологиялығы

Жаңа 8-ші сериялы BMW Coupe, Cabrio, Gran Coupe.

8-ші cериялы BMW қатарының жаңаруы.

Жаңартылған 8-ші cериялы BMW модельдері – бұл үш жарқын есте қаларлық бейне, олардың әрқайсысы стиль мен спорттың өзіндік көрінісін ұсынады.