BMW M кроссоверлерінің зарядталған нұсқаларының қатарындағы жаңарту.

img

Спорттық кроссовер деген не?

Кроссовер – бұл, бірінші кезекте, әмбебап автокөлік, ол көлік иесінің барлық талабын қанағаттандыруға арналған. Бұл басқару, сыйымдылық, эргономика, динамика, жайлылық, бір сөзбен айтқанда – өмірдің барлық жағдайына арналған автокөлік. Алайда ережеге қарсы шығып, бүкіл эмоциялар дауылын сезіндіретін кроссовер жасаса ше?

Онда біз BMW M кроссоверлерінің топтамасын аламыз.

Жаңартылған X3 мен X4 кейін BMW X3M мен BMW X4M кроссоверлерінің “жүйрік” нұсқалары ұсынылды.

Базалық модельдер сияқты M нұсқаларының рестайлингтен кейін бампері өзгертілді, өзге радиатор торы және қайта өңделген оптика орнатылды. Базалық жинақтамада жарықдиодты фаралар орнатылған, BMW Laser фаралары опция ретінде қолжетімді. Салонның жаңа сәулетінен бөлек, автокөліктің ішкі жабдықталуы да кеңейтілді.

Жаңартудан кейін X3 M және X4 M көліктері 480 ат күші бар базалық нұсқадан айырылды және 510 ат күші бар 3 литрлік бензин турбомоторы бар, 8 сатылы автоматты беріліс қорабы бар және толық жетекті Competition орындауында ғана қолжетімді. Айналдыру моменті 600-ден 650 Нм дейін ұлғайды. Жылдамдықты «жүзге» дейін үдету үшін 3,8 секунд кетеді, ал ең жоғары жылдамдығы бұрынғыдай 250 км/сағ дейін шектелген.

Еркіндік пен стильде шекара жоқ.

Шынайы автоспорт жанкүйерлері үшін BMW Motorsport x Puma ынтымақтастығында BMW Lifestyle киімдері мен аксессуарларының жаңа топтамасы бар.

Жаңа BMW i4

Тиімділікпен үйлесетін автокөліктің технологиялығы

Жаңа 8-ші сериялы BMW Coupe, Cabrio, Gran Coupe.

8-ші cериялы BMW қатарының жаңаруы.

Жаңартылған 8-ші cериялы BMW модельдері – бұл үш жарқын есте қаларлық бейне, олардың әрқайсысы стиль мен спорттың өзіндік көрінісін ұсынады.