Керемет жаңалықтар уақыты. BMW жаңартылған X3 және X4 модельдерін ұсынды.

img

Бұл модельдер – әлемдегі ең танымал маркалы кроссоверлер, сондықтан автокөліктің рестайлингі интерьердегі және экстерьердегі барлық жаңа дизайн тенденцияларына сәйкес келеді.

Рестайлингке дейінгі күйімен салыстырғанда жаңартылған модельдер алдыңғы фаралардың жаңа әдемі дизайнын алды. Енді BMW Laser фараларын тапсырыспен алдыру қолжетімді болды, ал базалық жабдықта толығымен жарықдиодты фаралар орнатылады.

Артқы шамдарда қара фондағы жаңартылған графикасы мен жарық элементтерінің жіңішке суреті бар жарықдиодты жабдық орнатылған.

Рестайлингтен өткен BMW X3 және X4 модельдерін біріктірілген «тұмсығы» бар үлкейтілген радиатор торынан да оңай тануға болады.

Үш бұрышты ауа тартқыштары бар алдыңғы бампер бейнені аяқтайды, ал артқы бампердің төменгі бөлігінде радиатор торының дизайнымен үндесетін, пішіні ерекше газ шығару жүйесінің үлкейтілген келте құбырлары орнатылды.

BMW X3 және Х4 көліктері BMW X модельдеріне тән сипаттарды сақтап қалды. Стандартты xLine сыртқы дизайн топтамасында алдыңғы және артқы бампер аймағындағы қорғаныс, сондай-ақ бүйір табалдырықтардың безендірілуі кез келген жол жабынындағы кедергіні еңсеруге дайын екенін көрсетеді.

Мөлшері 19-21 дюйм арасындағы дөңгелек дискілерінің дизайны қайта қаралды, шанақ бояуы нұсқаларының палитрасына, соның ішінде аяз әсері бар түсті қоса алғанда, BMW Individual каталогынан алынған бірнеше жаңа реңк қосылды.

M Sport топтамасы X3 және X4 модельдерінің екінші қырын ашады. Мысалы, сәулеті дамыған алдыңғы бамперде үлкейтілген ауа тартқыштар мен қара жылтыр жапсырмалар орналастырылған. Терезе жиектерін, төбедегі рейлингтерді және BMW радиатор торын опция ретінде қара түспен жасауға болады. Артқы бампердің сәнді безендірілуі күрделі рельефпен, Dark Shadow әрлеуі бар диффузормен және жылтыр қара түсте бүйір тұсында орналасқан екі ауа тартқышымен ерекшеленеді.

Интерьерде азғана, бірақ көзге түсерлік өзгерістер жүргізілді. Барлығы қазіргі заманғы буын бағытында орындалды – бұл BMW 3-ші және 4-ші серия модельдеріндей жаңа орталық консоль және жетілдірілген BMW 7 операциялық жүйесін және технологиясын алған үлкейтілген 10,25 дюймдік базадағы дисплей мультимедиа (12,3 дюймдік дисплей опция ретінде жүреді).

Жаңа BMW X3 пен X4 көліктері Қазақстанға 2021 жылдың қараша айында келеді деп күтілуде.

Еркіндік пен стильде шекара жоқ.

Шынайы автоспорт жанкүйерлері үшін BMW Motorsport x Puma ынтымақтастығында BMW Lifestyle киімдері мен аксессуарларының жаңа топтамасы бар.

Жаңа BMW i4

Тиімділікпен үйлесетін автокөліктің технологиялығы

Жаңа 8-ші сериялы BMW Coupe, Cabrio, Gran Coupe.

8-ші cериялы BMW қатарының жаңаруы.

Жаңартылған 8-ші cериялы BMW модельдері – бұл үш жарқын есте қаларлық бейне, олардың әрқайсысы стиль мен спорттың өзіндік көрінісін ұсынады.