“Спорттық сырт келбетімен, өз сыныбындағы үздік жүргізу динамикасымен және нөлдік жергілікті шығарындысымен BMW i4 – бұл нағыз BMW. Бұл BMW брендінің жүрегін енді тек толығымен электрмен соқтырады”, – деді BMW AG басқармасының мүшесі Питер Нота.
530 а.к. дейінгі керемет қуатқа ие BMW i4 шамамен 4 секундта 0-ден 100 км/сағ дейін жылдамдықты үдете алады. Ал жүріс қоры бір зарядпен 590 км дейін жетеді (WLTP сынақ стандартына сәйкес).
BMW i4 – бұл толығымен электрмен жүретін 4 есікті Gran Coupé, оның өндірісі, соның ішінде BMW M Performance спорттық моделінің өндірісі 2021 жылдың ішінде басталады. BMW-ге тән спорттық, жайлылық пен тұрақты өнімділіктің таңғаларлық тепе-теңдігі өз сегментінде қайталанбайды.