Экстерьердегі жаңа элементтер
Стилистикалық өзгерістер азаматтық 5-ші сериялы BMW модернизациясына ұқсас: жаңа біріктірілген радиатор торы, жіңішке контурлы жарықдиодты фаралар және өзгертілген L-тәрізді элементтері бар артқы жарықдиодты шамдар. Алдыңғы бампер агрессивті көрініс алып, үлкейтілген ауатартқыштарға ие болды. Артқы бампердің пішіні өзгерді: диффузор үлкейіп, M қосарланған пайдаланылған газ шығару келтеқұрыбралының қабырғалары жіңішке болды.
BMW M5 Competition сыртқы бөлшектердің қара жылтыр әрлемесімен ерекшеленеді, оның ішінде M5 Competition эмблемасы, радиатор торының жиектемесі, алдыңғы қанаттың желдеткіш саңылауларындағы тор, сыртқы айна корпустары, жүксалғыш қақпағындағы спойлер және артқы бампердегі кірістірмелер бар. M Sport зиянды заттарды шығару жүйесінің келтеқұбырлары қара хроммен әрленген.
Салондағы жаңа элементтер
Салондағы негізгі өзгерістер — 12,3 дюймдік үлкейтілген ақпараттық дисплей және автокөлік баптауларына тікелей қол жеткізуге мүмкіндік беретін жаңа басқару концепциясы. M Mode түймесі жүргізушінің көмекші жүйелерінің араласу қарқынын реттейді. ROAD режимінде барлық жүйе іске қосылады, SPORT режимі тежегіш пен руль жүйесіне араласуды өшіреді, сондай-ақ аспаптар тақтасы мен проекциялық дисплейді M режиміне ауыстырады. Setup түймесі қозғалтқыштың, аспаның, руль жүйесінің және M xDrive жүйесінің баптауларына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Қозғалтқыштың, аспаның, руль жүйесінің және M xDrive жүйесінің параметрлерін сенсорлы дисплей мен iDrive контроллері арқылы баптауға болады. M руліндегі қызыл M1 және M2 түймелері M xDrive жүйесі, DSC, қозғалтқыш, трансмиссия, амортизаторлар, руль жүйесі жұмыс режимінің екі жеке параметр жиынтығы арасында ауысу үшін және M View режимін проекциялық дисплейде көрсету үшін жауапты.
BMW M5 Competition моделіндегі жаңа элементтер
BMW M5 Competition моделінде жарыс жолдарына арналған TRACK режимі пайда болды. Бұл режимде жүргізушінің көмекші жүйелері және қосымша жайлылықты қамтамасыз ететін функциялар өшеді, сонымен қатар аудиожүйе мен ақпараттық дисплей құлыпталады. Төтенше тежеу туралы ескерту үшін апаттық жарық сигналын қосу жүйесі және соқтығысу туралы ескерту жүйесі өшіріледі.
Автокөлік өзгертілген шасси баптауларына және BMW M8 Gran Coupe моделінен алынған амортизаторларға ие болды. Сонымен бірге Competition нұсқасы 7 мм төмендетілген клиренсімен ерекшеленеді.