Модельдің ерекшеліктері
Дизайн
Динамика
Инновациялар
M радиаторына тән тор

M радиаторына тән тор

Радиатордың қара хромдалған рамасы және "Жылтыр Қара" жабынды М8 затбелгісі бар қара декоративтік торы автомобильдің спорттық характерін нақтылай түседі.

 M карбон орындықтары

M карбон орындықтары

"М8" логотипімен сәулелендірілетін М карбон орындықтар жеңілдік пен M Sport орындықтарының реттелуінің әртүрлілігі бар шөміштәріздес орындықтардың жарыстық сипатын біріктіреді. Олар ұзақ жол жүрудегі мінсіз бүйір жақ тіреу мен жоғары жайлылықты ұсынады. олар көпнүктелі қауіпсіздік белдігімен сәйкес келеді және сондықтан да жарысуға келеді.

 M Sport газ шығару жүйесі

M Sport газ шығару жүйесі

M Sport газ шығару жүйесі дыбысты ширақ етіп шығарады, бұл шығару жүйесіне кіріктірілген басқарушы клапанның көмегімен өзгертілуі мүмкін. Динамикалық режимдерді таңдау батырмаларының көмегімен іске қосылатын SPORT және SPORT+ режимдерінде қозғалтқыштың одан да күшті дауысы қолданылады, ал жайлылыққа бағытталған режимде дыбысы спорттық , бірақ мейлінше қалыпты болып қалады.

Қуаты 625 а.к. болатын M TwinPower Turbo тиімділігі жоғары 8-цилиндрлі бензинді қозғалтқыш

Қуаты 625 а.к. болатын M TwinPower Turbo тиімділігі жоғары 8-цилиндрлі бензинді қозғалтқыш

М TwinPower Turbo 8 цилиндрлі бензинді қозғалтқыштың соңғы модификациясы ең заманауи стандарттарға сәйкес жоғары динамикалылықты кепілдендіреді. Бұл айналымы жоғары агрегат 625 а.к. (460 кВт) болатын қуатты өндіреді. Екі турбоқысымтығын цилиндрлері көлденең орналасқан шығару коллекторының арқасында оптималдық алғырлығымен ерекшеленеді. Бұл V8 қозғалтқышы жарыс трассасындағы экстремалдық жүктемеге де есептелген.

Реттелетін M тежегіш жүйесі

Реттелетін M тежегіш жүйесі

Тежегіш баспасына дәл дозаланған күш салатын және М үшін тән реттеуіші бар интеграцияланған тежегіш жүйе. Жаңа жүйеде тежегіштің жетегі, оны күшейткіштер және басқару функциялары бір ықшам модульге біріктірілген. сондай-ақ ол жүргізуші үшін тежегіш баспасы жұмысының екі режимін ұсынады – COMFORT және SPORT, олар автомобильді бәсеңдету үшін қажетті баспаға күш салуды өзгертеді.

M xDrive жүйесі

M xDrive жүйесі

М белсенді дифференциалы бар M xDrive толық жетекті жүйесі жол бетімен максималды ілінісуді және күнделікті пайдалануда болсын, жарыс трассаларында болсын жоғары ширақтықты кепілдендіреді. М бірегей технологиясы артқы жетекті жинақтамаға тән маневрлілікті, толық жетекті автомобильдерге тән басқарушылықты біріктіреді. Сіз үш қозғалыс режимінің бірін таңдай аласыз: 4WD, 4WD Sport және – сөндірген кезде DSC – 2WD.

M ерекше аспаптар панелі

M ерекше аспаптар панелі

М ерекше аспаптар панелі ерекше спорттық жүргізу үшін қажетті қосымша ақпаратты көрсетуге мүмкіндік береді. Жарыс трассасында жүру үшін TRACK* жүргізу режимін таңдаған кезде Сізге үрлем қысымы, шиналардағы ауа қысымы және олардың температурасы туралы, сонымен қатар көлденең және бойлық үдеу күші туралы ақпарат аспаптар панелінде қолжетімді болады. * TRACK режимі BMW M8 Competition Coupé үшін ғана ұсынылады.

M Setup

M Setup

M Setup* мәзірі қозғалыс динамикасының әртүрлі өлшемдерін, оның ішінде қозғалтқыштың, трансмиссияның және рульдік басқарудың сипаттамаларын, амортизаторлардың баптауларын, DSC жүйесінің араласу дәрежесін немесе M xDrive толық жетек жүйесіндегі қуаттың таралуын Сіздің дербес талаптарыңызға сәйкес баптауға мүмкіндік береді. *BMW M8 Competition Cabrio мен BMW M8 Cabrio үшін ұсынылады.

Арнайы M индикациясы бар проекциялық дисплей

Арнайы M индикациясы бар проекциялық дисплей

Арнайы M*индикациясы бар контент баптау мүмкіндігі бар проекциялық дисплейде алдымен спорттық жүріске арналған қызыл аумаққа жақындауды ескертетін тахометр, қайта қосу индикаторы және таңдалған беріліс индикациясы сияқты өлшемдер көрсетіледі. * BMW M8 Competition Coupe және BMW M8 Coupe үшін ұсынылады.

 Plus тұрақтату ассистенті

Plus тұрақтату ассистенті

Plus тұрақтату ассистенті автомобильді тұрақтату кезіндегі маневрлікті жеңілдетеді. Оған үйтінен қарауды, панорамалық көріністі және қашықтықтан 3D-шолуды қоса алғандағы айналаны шолу, сондай-ақ перпендикуляр тұрақтату кезіндегі көмек жүйесі, апаттық жақындау кезіндегі белсенді сигнализация, шұғыл тежеу функциясы, BMW Drive Recorder бейнетіркеуіші, параллель және перпендикуляр тұрақтату ассистенті және артқы жүрісті қозғалыс ассистенті кіреді.

BMW Intelligent Personal Assistant

BMW Intelligent Personal Assistant

BMW Intelligent Personal Assistant-тың көмегімен автомобиліңізбен сөйлесіңіз. Сіз автомобильдің әртүрлі функцияларын басқару үшін оған ерікті түрде дыбыстық командалар бере аласыз. Сондай-ақ, ол Сіздің автомобиліңіздің көптеген функциялары туралы түсініктеме бере алады және Сізге өз BMW-ңіз туралы көбірек білуге көмектеседі.

Сипаттамалары мен бағалары

Сұраныс қалдыру

BMW M8 Coupe

img