BMW G 310 R Қазақстанда таныстырылды
Іс-шара аясында бавариялық брендтің көптен күткен мотоциклі – G 310 R моделінің сатылымы басталды.
BMW G 310 R – жарқын ләззаттың көрінісі. Ұтқырлықты бағалайтындар үшін жасалған, ол ұмытылмас эмоциялар сыйлай отырып, қарбалас қала легін оңай еңсереді. Қозғалтқыштың салыстырмалы түрде аз көлемі – 313 текше см, жеңіл салмағы – 160 кг және теңдесі жоқ маневрлігі арқасында BMW G 310 R мотоциклшілер қатарына енді ғана қосылатындар үшін өте қолайлы. BMW G 310 R – бұл BMW сапасының жоғары стандарттары, тамаша орындалу, стильді сыртқы түр және соңғы технологиялар.
Жаңа өнім Қазақстандағы BMW Motorrad дилерлік орталықтарында қолжетімді. BMW G 310 R моделін 2,4 млн теңгеден бастап сатып алуға болады.
Басқа жаңалықтар:
Жаңа BMW R nine T/5
BMW R nine T/5 – BMW Motorrad 50 жылдығына арналған эксклюзивті мотоцикл моделі. Классикалық, шынайы, түпнұсқа – бұл жаңа BMW R nine T моделі туралы айтылады. Ол BMW Motorrad Heritage мотоциклдерінің табысы мен жоғары сұранысын бейнелейді.