25 қыркүйек 2018
Басты бет   /   Жаңалықтар

China House Vision көрмесіндегі MINI LIVING жобасы.

MINI бренді Бейжіңде 21 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтетін China House Vision салааралық сәулет көрмесінде MINI LIVING Urban Cabin болашақ тұрғын үй кеңістігі тұжырымдамасының келесі нұсқасын ұсынады.
news

MINI бренді Бейжіңде 21 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтетін China House Vision салааралық сәулет көрмесінде MINI LIVING Urban Cabin болашақ тұрғын үй кеңістігі тұжырымдамасының келесі нұсқасын ұсынады. Бірегей жобаны MINI LIVING дизайн платформасы қытайлық сәулетші Дайонг Санмен (Dayong Sun) бірлесіп әзірледі. Өз жұмысында мамандар Бейжің тұрғын үйін ұйымдастырудың дәстүрлі принциптеріне жүгінеді, сондай-ақ шағын тұрғын үй-жайларды жақсартуға бағытталған инновациялық идеяларды дамытады.

Жаңа Бейжің жобасы – бұл MINI LIVING мамандарының тұрғын үй кеңістігін ұйымдастырудың таныс түрін қайта қарастырудың төртінші әрекеті. Urban Cabin-дің негізгі мақсаты – салыстырмалы түрде шағын 15 м2  аумақта өзгермелі элементтері бар және түрлендіруге үлкен мүмкіндіктері бар үй-жай салу. Болашақ нысанның дизайнын жасаудағы маңызды сәт – жергілікті мәдени ерекшеліктер мен белгілі бір жердің сәйкестігін сақтау және біріктіру. MINI LIVING Urban Cabin жобасы Лондонда, Нью-Йоркте және Лос-Анджелесте сәтті жүзеге асырылды, ал қазір кезекте Аспанасты елінің астанасы – Бейжің тұр.

Жаңа жобаны құру кезінде дизайнерлер, ең алдымен, инновациялық әдістер арқылы жаңа қауымдастық сезімін қалыптастыру және шағын аумақта жоғары сапалы өмір сүруді қамтамасыз ету үшін кәдімгі кеңістікті қалай өзгертуге және пайдалануға болатыны туралы сұраққа жауап беруге тырысты. Осы мақсатқа жету үшін MINI LIVING Urban Cabin Beijing тұжырымдамасы дәстүрлі қытайлық қалалық тұрғын үйлерді өзінше түсіндіреді.

MINI LIVING жобасы 2016 жылы болашақ қалалық кеңістіктерде өмір сүру үшін сәулеттік шешімдерді табуға бағытталған жасампаз MINI платформасы ретінде іске қосылды. Тұрғын үй ауданының қысқаруы мен бағаның өсуіне, сондай-ақ өзгеруге дайындыққа, жергілікті сәйкестікке және ұжымдық өзара әрекеттесуге көңіл бөлінді. Қойылған міндеттерді сәтті шешу үшін жоба бастамашылары «классикалық Mini автокөліктерінің дизайнын» әзірлеу кезінде қолданылатын кеңістікті жасампаз пайдалану принципін басшылыққа алады.

MINI LIVING Urban Cabin Beijing: тарихы бар болашақ өмір сүру кеңістігінің тұжырымдамасы.

MINI LIVING Urban Cabin әр нұсқасы үш негізгі элементтен тұрады. Микро-апартаменттердің бір жағында – қонақ бөлмесі мен жатын бөлме, екінші жағында ас үй мен жуынатын бөлме бар. Бұл аймақтарды әдетте MINI LIVING дизайнерлік тобы әзірлейді. Үшіншісі эксперименттік кеңістік деп аталады, ол өзіндік қондырғы ретінде жұмыс істейді, жергілікті сәулет бюроларының қолына беріледі. Олар белгілі бір жердің сипатына сәйкес келетін физикалық және тұжырымдамалық толтырумен айналысады. Бейжің жағдайында болашақ тұрғын үй кеңістігі тұжырымдамасын құру үшін сәулетші Дайонг Сан (Dayong Sun) таңдалды. Ол дәстүрлі ортағасырлық қытай құрылысының хутун ішкі аулаларымен үндесетін ашық кездесу аймағын жасады. Төбеге орналастырылған телескоп тәрізді алтын айналар айналадағы заттарды бейнелейді, сонымен қатар қалалық ортаны кеңейтеді. Тұрғын үйдің ортасында орналасқан әткеншек оған ерекше ойнақылық береді. Ойланатын тағы бір нысан – заттарды сақтау шешімдері және отыратын орындар. Олар ғимараттың сыртқы периметрі бойынша орналасқан және ежелгі қытай танграм басқатырғышының элементтерін еске түсіретін геометриялық фигуралар түрінде жүзеге асырылады.  

Дайонг Санның (Dayong Sun) дизайны әдетте Бейжіңнің тарихи бөлігінде орналасқан хутундардан шабыттандырылған. Жергілікті сәулет өнерінің басты көрікті жерлерінің бірі бола отырып, қала құрылысының бұл түріне топтасқан үйлер, тар аллеялар мен көшелер кіреді, олар көзге көрінбейтін жеке аулалар мен ашық қоғамдық кеңістіктердің ерекше үйлесімін жасайды. Қарқынды демографиялық өзгерістерге байланысты дамудың бұл түрі біртіндеп қалалық ландшафттан жоғалады. MINI LIVING Urban Cabin Beijing тұжырымдамасы хутундардың негізгі принципін сақтайды, оны қазіргі тілге аударады.

Жайлы өмір сүруге арналған жасампаз шешімдердің ғаламдық желісі.

MINI LIVING жобасы жеке тұлғаға бағытталған және оның даралыққа, ұтқырлыққа және қауымдастыққа деген қажеттіліктерін қанағаттандыратын стандартты емес және келешегі бар сәулет шешімдерін табуға бағытталған. «Әрбір MINI LIVING Urban Cabin тұжырымдамасы нақты белгіленген жағдайларда барынша шектеулі кеңістік жағдайында өмір сүрудің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Мұның нәтижесінде әр адам өзін үйдегідей сезінетін бірлесіп өмір сүрудің инновациялық түрлері үшін қоғамдық кеңістіктерді ұсынатын жасампаз сәулеттік шешімдердің ғаламдық желісінің пайда болуы, – деп түсіндіреді »–MINI LIVING креативті директоры Оке Хаузер .

MINI LIVING Urban Cabin тұжырымдамасының әртүрлі нұсқалары ерекшелігін сақтай отырып, микро-апартаменттердің көптеген жасампаздық мүмкіндіктерін көрсетеді. Мұның бәрі Қытайда 2019 жылы Шанхайда ашылатын алғашқы ортақ тұрғын үй кеңістігінің пайда болуына түрткі болды. Ынтымақтастық шеңберінде британдық бренд және NOVA Property Investment Co. жергілікті девелоперлік компаниясы Джинган (Шанхай) ауданындағы қараусыз қалған индустриалдық кешенді апартаменттер, жұмыс үй-жайлары, сондай-ақ мәдени орындар мен демалыс орындары орналасатын көп деңгейлі тұрғын үй кластеріне айналдырады. Сонымен қатар жоба болашақ тұрғындарға өз апартаменттерінің көлемін анықтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар дамыған қалалық инфрақұрылымға қол жеткізуге мүмкіндік береді.  Жоба заманауи қалаларда тұру сапасын жаңа деңгейге көтеретін әртүрлі цифрлық брондау сервистерін де қамтиды.

Басқа жаңалықтар:

news

BMW Group жаңа MINI Countryman көлігін ұсынады.

17 маусым 2020

Әр сапардағы мінсіздік.

news

Эксклюзивті түстегі MINI Hatch.

05 мамыр 2020

Қазақстанда алғаш рет Indian Summer Red керемет түсінде.

news

MINI – отбасылық демалыс үшін шабыт.

28 сәуір 2020

Көптеген ата-аналардың күн тәртібінде «бала үйде немен айналысуы керек?» деген сұрақ тұрады.