JOHN COOPER WORKS КИІМ МЕН АКСЕССУАРЛАР ТОПТАМАСЫ.
Ашық түсті футболкалар, ыңғайлы және стильді сөмкелер – топтама өмірден бәрін алуға дағдыланғандар үшін арнайы жасалған және күнделікті өмірге жарыс жолының ерекше рухын, сондай-ақ MINI JCW спорттық және қайталанбас стилін әкеледі.
John Cooper Works жаңа топтамасы бренд жанкүйерлеріне әртүрлі түстер мен опциялардағы киімдерді ұсынады.
Мысалы, аты аңызға айналған John Cooper Works логотипі бар ерлер мен әйелдерге арналған қызыл және ақ JCW Logo T-Shirts футболкалары осы «отты» қосалқы брендтің кез келген жанкүйері үшін – must-have болады.
Іссапар болсын, демалыс күндері достармен демалу болсын, жаңа топтамадағы сөмкелер сізге қажет нәрсенің бәрін жинауға және қысқа және ұзақ сапарларда стиліңізді сақтауға таптырмас көмекші болады.
Сонымен қатар JCW 2017 топтамасы көптеген пайдалы және стильді аксессуарларды ұсынады.