17 маусым 2020
Басты бет   /   Жаңалықтар

BMW Group жаңа MINI Countryman көлігін ұсынады.

Әр сапардағы мінсіздік.
news

Концерн BMW Group жаңартылған MINI Countryman көлігін — MINI брендінің ең үлкен және әмбебап моделін ұсынады. Автокөлік алдыңғы және артқы шанақ бөлігінде жаңа дизайнды, стандартты жабдық тізімінде қосымша опцияларды және түпнұсқа аксессуарлардың мол ассортиментін иемденіп, бес орынды кең салонды, британдық әсемдікті және ALL4 толық жетек жүйесін сақтады.

Экстерьердің өзгерістері

Өзгертілген радиатор торы MINI моделіне тән жиегі хромдалған алты бұрышты пішінге ие болды. Радиатор торы нұсқасына байланысты үш көлденең тақтайшамен немесе қызыл түсті «S» әрпі бар бір хромдалған тақтайшамен әрленді. Сондай-ақ алдыңғы және артқы бампердің формасы өзгерген.

Жарықдиодты артқы шамдар Британия туының Union Jack дизайнын алған.

Қымбат стандартты жабдықтау

Барлық нұсқаның стандартты жабдығының кеңейтілген тізіміне былғарымен қапталған алдыңғы панельдің төменгі бөлігі мен есіктер және климат-контроль кірді. Бұрылысты жарықтандыру функциясы бар жарықдиодты негізгі фаралар стандартты жабдыққа айналды.

Опция ретінде шалғай жарықтың матрицалық бөлігі бар бейімделетін жарықдиодты фаралар қолжетімді. Сәуле шоғының формасын автоматты өзгерту мүмкіндігі қарсы келе жатқан және бағыттас автокөлік жүргізушілерінің көзін қарықтырмауға, сондай-ақ бұрылғанда жолдың жиегіне жарық түсіруге және ауа райы жағдайына қарай фара жарығын бейімдеуге көмектеседі.

Жаңа опциялар мен аксессуарлар

Жаңа MINI Countryman түстерінің палитрасында шанақтың қосымша екі «металлик» түсі пайда болды: White Silver және Sage Green.

Опциялардың ішінде жеңіл қорытпалы 17 дюймдік Channel Spoke Black дискілері мен екі түсті 19 дюймдік Turnstile Spoke дискілері бар.

Интерьерді безендіруге арналған Chester Indigo Blue және Chester Malt Brown орындық қаптамаларының жаңа нұсқалары қолжетімді.

Опциялардың тізіміне экран диагоналі 5 дюймді құрайтын, Black Panel технологиясы бар цифрлық аспаптар қалқаны қосылды. 8,8 дюймдік орталық дисплей базалық 6,5 дюймдік дисплейге балама ретінде ұсынылады.

Қазірдің өзінде жаңартылған MINI Countryman моделіне Қазақстанда тапсырыс беруге болады. Бағасы 12 513 600 теңгеден басталады.

Басқа жаңалықтар:

news

Эксклюзивті түстегі MINI Hatch.

05 мамыр 2020

Қазақстанда алғаш рет Indian Summer Red керемет түсінде.

news

MINI – отбасылық демалыс үшін шабыт.

28 сәуір 2020

Көптеген ата-аналардың күн тәртібінде «бала үйде немен айналысуы керек?» деген сұрақ тұрады.

news

Esquire сейіліндегі MINI

01 шілде 2019

Esquire сейіліндегі MINI