Жаңа MINI Lifestyle 2018-2020 топтамасы.
Пішіндерді нақты пайдалану, сөзсіз танылатын дизайн және жоғары сапалы материалдар – MINI Lifestyle 2018-2020 жаңа топтамасының айрықша белгілері. Топтамада 100-ден астам элемент – гардеробтың әртүрлі бөліктерінен бастап стильді аксессуарларға дейін бар.
Пішіндегі, түстегі және материалдағы кереғарлықтар жаңа MINI Lifestyle топтамасында шешуші рөл атқарады. Жаңа реңктердің әсерлі жұбы (Island және Coral) –«»топтаманың көрнекі хедлайнері. Island – заманауи көк реңк – MINI Countryman үшін қолжетімді Island Blue сыртқы түсіне дәл сәйкес келеді. Coral – көк түстерді толықтыратын екпін жасауға арналған тамаша қызыл. Негізгі түстер өзгеріссіз қалады – бұл ақ, сұр және қара.
Жаңа топтаманың элементтері 2016 жылы енгізілген MINI Lifestyle эстетикасын жалғастырады және ойластырылған бөлшектермен және минималистік, бірақ мәнерлі дизайнымен таңғалдырады. Тапсырыс беру үшін топтама www.shop.mini.com порталында және MINI ресми дилерлерінде 2018 жылғы шілдеден бастап қолжетімді болады.