BMW Group жаңа BMW iX кроссоверін ұсынады. Бәрінен де келешекке бір табан жақындаған технологиялы көшбасшы.

img

BMW iX – BMW-дағы жаңа ұтқырлық заманының нышаны. Жаңа, мінсіз әрі минималистік дизайнның арқасында BMW iX – келешек автокөліктерінің буынына бәрінен де бір табан жақындаған бірінші модель. Олар көлік жүргізу сезімін, кеңістікті сезінуді және жүргізуші мен оның автокөлігінің арасындағы қарым-қатынасты түбегейлі өзгертеді.

BMW iX моделінің қуатты сыртқы түрінің артында көптеген жоғары технологиялар жасырынған. Автокөлік өз бойына дизайн, электрификация, автономды және «зарядталған» көлік жүргізу саласындағы көлік концернінің барлық ең соңғы әзірлемелерін алған. BMW iX дизайн және тұжырымдама тұрғысынан барынша экологиялық таза. Бұл жетілдірілген жүргізу динамикасынан, жеңіл конструкциясынан және қайта өңделген және табиғи материалдарды кеңінен пайдаланудан көрінеді.

Екі электр қозғалтқышын, күштік электрониканы, зарядтау технологиясын және жоғары вольтті батареяны қамтитын BMW eDrive электржетек технологиясының бесінші буыны жаңа SAV-тың айрықша тиімділігіне кепілдік береді.

Жаңа технологиялық көшбасшы BMW IX 2022 жылдың бірінші жартысында Қазақстанның нарығында қолжетімді болады.

Еркіндік пен стильде шекара жоқ.

Шынайы автоспорт жанкүйерлері үшін BMW Motorsport x Puma ынтымақтастығында BMW Lifestyle киімдері мен аксессуарларының жаңа топтамасы бар.

Жаңа BMW i4

Тиімділікпен үйлесетін автокөліктің технологиялығы

Жаңа 8-ші сериялы BMW Coupe, Cabrio, Gran Coupe.

8-ші cериялы BMW қатарының жаңаруы.

Жаңартылған 8-ші cериялы BMW модельдері – бұл үш жарқын есте қаларлық бейне, олардың әрқайсысы стиль мен спорттың өзіндік көрінісін ұсынады.