Қазақстанның барлық дилерлік орталығында X5 және X6 Black Vermillion Edition модельдерінің арнайы нұсқасына тапсырыс беруге болатынын қуана хабарлаймыз.

img

Қазақстанның барлық дилерлік орталығында X5 және X6 Black Vermillion Edition модельдерінің арнайы нұсқасына тапсырыс беруге болатынын қуана хабарлаймыз.

Автокөліктер M Sport топтамасымен жабдықталады, экстерьерде жетілдірілген әрлеумен M Shadow Line дизайны пайдаланылады. Қызыл түсті суппорттары бар тежегіш жүйесі күңгірттік әсері бар Orbit Grey түсіндегі 22 дюймдік жеңіл қорытпалы 742 M Double-spoke дөңгелек дискілерімен жүреді.

Автокөліктердің интерьері қара және қызыл түстердің ойынын жалғастырады. Төбенің M Alcantara Антрацит материалымен ерекше қапталуы және BMW Individual сәндік планкалары «Edition Black Vermilion» шектеулі сериясының эмблемасы бар «қара рояль лагы». Сонымен қатар интерьердің кейбір бөлшектері – BMW контроллері, берілістерді қосу селекторы және қозғалтқышты іске қосу батырмасы Crafted Clarity сутасымен безендірілген. Салонды BMW Individual Merino «қара» былғарысымен толығымен әрлеу алдыңғы орындықтардағы қызыл жиегімен жарасып кетеді, ал BMW X5 Edition Black Vermilion моделінде қызыл акценттер артқы орындықтарда да кездеседі. BMW X5 және BMW X6-шы сериясы Edition Black Vermilion үшін ортақ элементтер – қызыл жиектемесі бар алдыңғы және артқы кілемшелер мен күннен қорғайтын шыны.

Қосымша жабдықтың ішінен алдыңғы орындықтардың массаж функциясы, Bowers & Wilkins Diamond Surround Sound аудиожүйесі, Ambient Air топтамасы, сондай-ақ «Белсенді қауіпсіздік» және «Көлік жүргізу көмекшісі» опциялары бар.

Қазақстанда модельдер шектеулі санда ұсынылатын болады. Толығырақ ақпаратты қалаңыздағы BMW ресми дилерінен нақтылап алыңыз.

Еркіндік пен стильде шекара жоқ.

Шынайы автоспорт жанкүйерлері үшін BMW Motorsport x Puma ынтымақтастығында BMW Lifestyle киімдері мен аксессуарларының жаңа топтамасы бар.

Жаңа BMW i4

Тиімділікпен үйлесетін автокөліктің технологиялығы

Жаңа 8-ші сериялы BMW Coupe, Cabrio, Gran Coupe.

8-ші cериялы BMW қатарының жаңаруы.

Жаңартылған 8-ші cериялы BMW модельдері – бұл үш жарқын есте қаларлық бейне, олардың әрқайсысы стиль мен спорттың өзіндік көрінісін ұсынады.